Vitek VT-1592 ST Manuel d'utilisateur Page 13

  • Télécharger
  • Ajouter à mon manuel
  • Imprimer
  • Page
    / 24
  • Table des matières
  • MARQUE LIVRES
  • Noté. / 5. Basé sur avis des utilisateurs
Vue de la page 12
13
ҚазаҚша
Егер осылай болса, аспапты ҰСТАМАҢЫЗ,
дереу желілік баудың айыртетігін электрлік
ашалықтан суырыңыз, және содан кейін ғана
аспапты судан шығаруға болады. Кепілдеме
талонында және www.vitek.ru сайтында
көрсетілген кез-келген туындыгерлес
(өкілетті) қызмет көрсету орталықтарына
хабарласыңыз.
Желілік баудың және желілік бау
айырететігінің бүтіндігін мезгілімен тексеріп
тұрыңыз.
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда балаларға
аспап корпусына қолдарын тигізуге рұқсат
етпеңіз.
Берілген құрылғы балалардың пайдалануына
арналмаған.
Дене, жүйке немесе сана мүмкіндіктері
төмендетілген тұлғалардың (балаларды
қоса) немесе оларда тәжірибесі немесе
білімі болмаса, егер олар бақыланбаса
немесе олардың қауіпсіздігі үшін жауап
беретін тұлғамен аспапты пайдалану туралы
нұсқаулықтар берілген болмаса, аспап
олардың пайдалануына арналмаған.
Балалардың аспапты ойыншық ретінде
пайдалануына жол бермеу үшін оларды
қадағалап отырыңыз.
Құрылғыны жұмыс уақытында және жұмыс
циклдері арасындағы үзілістерде балалардың
қолы жетпейтін жерде орналастырыңыз.
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз
ету мақсатында қаптама ретінде
пайдаланылатын полиэтилен қаптарды
қараусыз қалдырмаңыз.
Назар аударыңыз! Балаларға полиэтилен
пакеттермен немесе қаптама үлдірмен
ойнауға рұқсат бермеңіз. Тұншығу қаупі!
Егер желілік бау немесе желілік баудың
айыртетігі бүлінген кезде, құрылғы іркіліспен
жұмыс істесе, сондай-ақ ол құлағаннан кейін,
құрылғыны пайдаланбаңыз.
Аспапты өз бетіңізбен жөндеуге тыйым
салынады. Аспапты өз бетіңізбен
бөлшектемеңіз, кез-келген ақаулықтар пайда
болғанда, сонымен қатар құрылғы құлағаннан
кейін аспапты ашалықтан суырыңыз және
кепілдеме талоны мен www.vitek.ru сайтында
көрсетілген хабарласу мекен-жайлары
бойынша кез-келген туындыгерлес (өкілетті)
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Құрылғыны тек зауыттық қаптамасында
тасымалдаңыз.
Қоршаған ортаны қорғау мақсатында
аспаптың қызмет ету мерзімі аяқталғаннан
кейін оны тұрмыстық қалдықтармен бірге
тастамаңыз, аспапты келесі қайта өңдеу үшін
арнайы пунктке өткізіңіз.
Құрылғыны балалар және мүмкіндігі шектеулі
адамдардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
ҚҰРЫЛҒЫ ТЕК ТҰРМЫСТЫҚ ЖАҒДАЙДА
ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН
АЛҒАШҚЫ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА
Құрылғыны суық (қысқы) жағдайларда
сақтаған немесе тасымалдаған кезде оны
3 сағаттан кем емес уақыт бойы бөлме
температурасында ұстау керек.
Алғашқы іске қосу алдында электр желісіндегі
кернеудің құрылғының корпусында көрсетілген
кернеуге сәйкестігіне көз жеткізіңіз.
Құрылғыны ораудан шығарыңыз және барлық
орайтын материалдарды жойыңыз, гриль
корпусын сәл дымқыл матамен сүртіңіз,
содан кейін құрғатып сүртіңіз.
Бекіткішті (1) босатыңыз және құрылғыны
ашыңыз, төменгі жұмыс бетінің екі бекіткішіне
(6) бір уақытта басыңыз және оны шешіңіз,
осындай әдіспен жоғарғы жұмыс бетін
шешіңіз.
Барлық жұмыс беттерін (7, 8, 9, 10) бетйрап
жуғыш заты бар жылы сумен жуыңыз және
құрғатып сүртіңіз.
Әзірлеу алдында қажетті жұмыс беттерін
орнатыңыз, бұл үшін алдымен жұмыс бетінің
артқы бөлігін салыңыз және бір уақытта
жұмыс бетінің алдыңғы бөлігіне бекіткіштер
(6) іске қосылғанға дейін басыңыз. Осыған
ұқсатып екінші жұмыс бетін орнатыңыз.
Жұмыс беттерін алғашқы пайдалану
алдында оларға өсімдік майының шамалы
көлемін жағыңыз, майды бүкіл жұмыс бетіне
таратыңыз, ал артығын қағаз майлықпен
жойыңыз.
Желілік баудың айыртетігін ашалыққа
салыңыз, осы кезде көрсеткіш (4) жанады.
Орнатылған жұмыс беттері (7, 8, 9 немесе 10)
белгіленген температураға дейін қызып
болғанда, көрсеткіш (5) жанады, желілік
баудың айыртетігін ашалықтан шығарыңыз.
Орнатылған жұмыс беттерінің толық
салқындауын күтіңіз, грильді ашыңыз
және жұмыс беттерінен өсімдік майының
қалдықтарын қағаз майлықтың көмегімен
жойыңыз.
Ескерту: аспапты алғаш рет қолдану кезінде
қыздырғыш элементтері күйеді, бұл кезде
түтіннің немесе бөтен иістің шамалы көлемі
пайда болуы мүмкін. Бұған жол беріледі және
ақау болып табылмайды.
IM VT-1592.indd 13 13.02.2017 9:19:53
Vue de la page 12
1 2 ... 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 ... 23 24

Commentaires sur ces manuels

Pas de commentaire